Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында халықтың 65 пайызы вакцина алған

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында вакцина алуы тиіс халықтың 65 пайызы екпе жасатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов орталық коммуникациялар қызетінде өтіп жатқан брифингіде осындай мәлімет айтты.

«Халықты вакцинациялау жұмысы алгоритм бойынша белсенді жүргізіліп жатыр. Өңірде 244 екпе пункті ашылған. 71 мобильдік топ тұрғындарды үйіне барып екпе жасап жүр. Тағы 17 көшпелі медициналық кешен бар. Олар аулаларды аралап жүр», - деген әкімнің орынбасары өңірді қажетті вакцинамен қамтамасызз ету қалай ұйымдастырылып жатқанын айтты.

«Бірінші компоненттің 773 мың вакцинасы алынды. Оның 713 мың дозасы егілді. Екінші компоненттің 716 мың дозасы алынған. Оның 593 мыңы егілді. Бүгінде жоспардағы екпе алу керек адамның 65 пайызы қамтылды. Балқаш және Ақсу аудандарында екпе науқаны аяқталды. Бізде үш аудан кестеден қалып келеді. Онда да жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Батыржан Байжұманов.


Жоғары қарай