Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында екі әйел оқушы қызды соққыға жықты

2021 жылдың 14 мамыр 2021 10:40

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында оқушы қызды екі әйел ұрып кетті. Таяқ жеген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ал күдіктілерді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.

13 мамыр күні сағат 18:35 шамасында аялдамада екі әйел кәмелет жасына толмаған қызды ұрып, содан кейін таксиге мініп қашып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша тараптар арасында кикілжің болуы мүмкін.

«Қазір 16 жастағы қыз Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факті Іле ауданының полициясында тіркелді. Қазір күдіктілерді жедел іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр» делінген ведомствоның хабарламасында.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай