Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында балаларды вакциналау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ - әкімдік

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында жасөспірімдерді вакциналау бойынша қандай да бір дайындық жүргізіле ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановқа БАҚ өкілдері осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды вакцинация мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз ата-аналардан баласы туралы ешқандай дерек жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында балалардың деректерін жинап жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк болды деп ойлаймын. Қалай болғанда да, бұл мәлімет расталған жоқ. Егер ондай жұмыс жүргізілген болса, бүкіл елді қамтуы керек. Дәл бүгін балаларды вакциналау мәселесі туындап тұрған жоқ», - деді Батыржан Байжұманов.

Аталмшы шарада Алматы облысында күн сайын 200-ге жуық науқастың коронавируспен ауруханаға түсіп жатқаны айтылды.

«Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9 пайыздан 0,6 пайызға төмендеді. Өңір «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 218 жағдайы анықталды. Оның ішінде 35 бала бар. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде», - деді әкімдік өкілі.


Жоғары қарай