Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматы облысында ауыл халқы мемлекеттік қызметті онлайн ала бастады

2020 жылдың 31 наурыз 2020 23:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы халқының 70 пайызы ауылда тұрады. Қазіргі жағдайға байланысты тұрғындар мемлекеттік қызметтерді E-GOV порталы арқылы алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір ғана Кербұлақ ауданы тұрғындарының 87 пайызы электронды-цифрлы қолтаңбамен қамтамасыз етілген.

«Аудан бойынша көрсетілген 230 мыңнан астам мемлекеттік қызметтің 94 пайызы электронды түрде жүзеге асқан. Ал өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 31 мыңнан астам қызмет көрсетілген», - дейді Кербұлақ ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі Ақниет Тұматаев.

Аудандағы барлық ауылдық әкімдіктер мен мектептерде өзіне қызмет көрсету бұрыштары қойылған. Үйінде компьютері жоқ ауыл тұрғыны қажетті құжаттарды өзіне қызмет көрсету бұрышынан рәсімдей алады.

Сарыөзек ауылында тұратын көпбалалы ана Алмагүл Байболатованың ауыл әкімдігіне келіп, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алып жүргеніне жарты жылдан асты. Ауыл тұрғынының айтуынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алғанның ешқандай қиындығы жоқ.

«Бір рет көріп алсаңыз болды. Өзімнің жеке кілтім бар. Сол кілтіммен кез келген мезгілде қажет құжаттарымды ешкімнің көмегінсіз ала берем», - дейді бес баланың анасы Алмагүл Байболатова.


Жоғары қарай