Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы облысында аумақтық инспекция өкілдеріне 21 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 30 шілде 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 16 шілдесінде Талдықорған қалалық соты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Әбілқасымов пен инспекцияның шекара бекеттерін бақылау бөлімінің басшысы Д. Карашевтың әрқайсысына 21 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Олар мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша 1 департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Олар жоғарыда аталған инспекцияға жұмысқа тұрғызу үшін тұрғыннан 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу күдігіне ілінді.


Жоғары қарай