Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Алматы облысында әуежай, автовокзалдардың жұмысы тоқтатылады

2020 жылдың 30 наурыз 2020 21:15

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында әуежай, автовокзалдардың жұмысы тоқтатылады. Бұдан былай ресми такси қызметінен басқа жеке тасымалдаушының жүруіне тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов Талдықорғанда өткен брифинг барысында осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы облысында әуежайдың жұмысы, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостансалардың қалааралық, ауданаралық автобус байланыстары тоқтатылып, ресми такси қызметінен басқа жеке тасымалдаушылардың жүруіне тыйым салынады. Сонымен қатар, Алматы облысы Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шектесетін аумақтарда қосымша санитарлық бекеттер қойылады. Мұндай шешім коронавирус індетіне қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында арнайы қаулымен бекітіліп отыр.

Жаңа қаулыға енгізілген талаптар 31 наурыз сағат 00:00 ден бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай