Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды

2020 жылдың 2 шілде 2020 23:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соққыға жығылған қария түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Тергеу барысында анықталғандай, түнде егде жастағы әйелдің үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, оны соққыға жыққаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

«Өкінішке орай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Жоғары қарай