Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 7 мыңнан астам контрафактілі алкоголь өнімі тәркіленді

2020 жылдың 19 наурыз 2020 23:01

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 7 мыңнан астам контрафактілі алкоголь өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «жалған» акциздік маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан азаматтар анықталды. Алғашқы тергеу амалдары барысында жоғарыда көрсетілген мекенжайдан көлемі 0,5 литрден 1 литрге дейінгі жалпы саны 7 мыңнан астам контрафактілі алкоголь өнімдері және құрамында этил спирті бар 50 литр сұйықтық тәркіленді. Бұл алкоголь өнімдері («Capital», «Көк Тау», «Қара-жорға», «Березовая», «Қазақстан» маркасындағы коньяк және «Белая Лоза», «Талас», «Агдам» шараптары) арақ-шарап шығаратын арнайы зауытардың өнімдеріне ұқсастырылып дайындалған. Кейін Алматы облысы аумағында көтерме сауда ретінде сатылған», - деп мәлімдеді Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабы 2-бөлігіне сәйкес (өткізу мақсатында дайындау немесе сатып алу, сондай-ақ жалған акциздік маркаларды және (немесе)есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе сату) іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай