Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 60 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді

2020 жылдың 30 қараша 2020 19:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысына қарасты Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспана кезегінде тұрғандарға арналған «5-10-20» бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Тұңғыш президент күніне орай көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелерде еңбек ететін мамандар үйлі болды. Салтанатты жиында аудан әкімі Бағдат Қарасаев пәтер иелеріне кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

«Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңыздан береке-бірлік кетпей жаңа үйлеріңіздің іші ырысқа толы болсын! Жеке баспана әркімнің шағын мемлекеті. Ал, баспаналы болу кім үшін болса да үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз жақсылыққа ұласа берсін! Егеменді еліміздің іргесі аман, аспанымыз ашық болсын!», – деді әкім Бағдат Қарасаев өз құттықтауында.











Сондай-ақ, биыл Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде бюджет қаражатына инженерлік желілер тартылып, жеке кәсіпкерлер есебінен 130 пәтерлік 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Іле ауданында қоныс тойлар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Тұрғын үй кезегін азайту мақсатында, Өтеген батыр ауылында тағы да 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Одан басқа 72 пәтерлі үш үй мен 100 үйден тұратын коттедж қалашығын салу жоспары бар.








Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Тұрғын үй,
Жоғары қарай