Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте пышақтап өлтіріп кеткен

2020 жылдың 25 қараша 2020 12:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлікте өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға туралы «Не молчи» ұйымының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

13 қарашада күйеуі әйелі мен 1 жастағы қызын ертіп Қапшағай тас жолындағы «Магнум» сауда орталығына барған. Қайтар жолда «түзге отырамын» деген күйеуі 300-400 метр елсіз жерге бұрылған.

Ер адамның айтуынша, ол көліктен шығып қайтып келгенде әйелі өліп жатқан.

Алматы облыстық Полиция департаменті өлімге кінәлі күдіктілер ұсталғанын мәлім етті. .

«Қазір бұл қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады», - деді ПД.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.





Жоғары қарай