Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы облысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 07:36

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 57 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 442 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.0. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, кеше кешке Алматы қаласында 3- 4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын .
Жоғары қарай