Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысына Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр келді

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 17:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Талдықорғандағы құрылысы жүріп жатқан маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезекте вице-премьер облыс орталығындағы 8 бөліктен тұратын 200 адамға арналған модульді инфекциялық ауруханаға ат басын бұрды. Құрылыс саласындағы соңғы үлгідегі жетістіктерді қолдана отырып жылдам қарқынмен салынып жатқан бұл нысан өңір басшысы А.Баталовтың тапсырмасы бойынша қазан айында аяқталуы тиіс.





Құрылыстың басы-қасында жүрген мердігер мекеме өкілдері мен облыстық құрылыс және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының қанша проценті аяқталғандығын, пайдалануға өткізу мерзімін, медицина жабдықтарының кезең-кезеңімен жеткізіліп жатқанын, осы мекемеде науқастарға қызмет көрсететін мамандар (кадр мәселесі) туралы баяндады.

Осыдан кейін Роман Скляр әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған аумағы 27 мың шаршы метрді құрайтын жабық жүзу бассейніне барды. Нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мекеме өкілінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарын қазан, қараша айларында толықтай аяқтау жоспарланып отыр.





Келесі кезекте облыс әкімі үкімет басшысының орынбасарына коттеджді қалашықта салынып жатқан үйлерді көрсетті. Қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бүгінде 71 тұрғын үй пайдалануға беруге дайын тұрғандығын және тағы 349 үй жыл соңына дейін салынып бітетіндігін хабарлады.

Вице-премьер өңірге сапары барысында студенттерге арналған 13 қабатты 288 орындық жаңа жатақханаға барып, студенттердің тұрмыс жағдайын сұрады. Осында тұрып жатқан студенттер жастарға деген қамқорлығы үшін ел ағаларына ризашылығын білдірді.




















Жоғары қарай