Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысы: Пенжімдегі су апатынан шығындар есептелуде

2019 жылдың 4 маусым 2019 13:34

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс істеуде. Қазір Пенжім ауылдық округінде болған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын атқарып жатыр. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде» делінген баспасөз баянында. Қазіргі уақытта 270 үйдің ауласына су кірген. Әзірге апатты үйлер жоқ.

Аудан әкімі Темірлан Бектасовтың айтуынша, ауыл тұрғындарына қажеті жағдайда барлық тараптан көмектер көрсетіледі.

«Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда. Тұрғындардың айтуынша бұндай тасқын 90-жылдары болған,- дейді әкім.



null

Айта кету керек, 3 маусым күні кешкісін Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын.




null


null


null


null

Жоғары қарай