Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 22:14

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды. Ендігі сот отырыстары қашықтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорған қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері 20 қаңтарда арнайы қаулы қабылдады. Облыстық сот және оның аумағында 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантин енгізілді» делінген Алматы облыстық соты таратқан хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылады.

«Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының кіруіне қатаң тыйым салынады. Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады. Тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтан қарайды» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Жоғары қарай