Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы мешіттерінде намаз оқуға шектеу қойылды

2020 жылдың 11 маусым 2020 20:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мешіттерде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын.

«Алайда Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. Тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз»,-делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.


Жоғары қарай