Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы  мәслихатына жаңа хатшы сайланды

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 13:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров VII шақырылым депутаттары мәслихатының хатшысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның кандидатурасын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев VII шақырылған мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы кезінде ұсынды.

«Станислав Канкуровты бәріңіз жақсы білесіздер. Ол «Nur Otan» партиясында 2011 жылдан бері жұмыс істейді және ауданнан қалалық деңгейге дейінгі барлық сатылардан өтті. Ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Оның халықпен жұмыс істеу тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті Алматы қаласы мәслихатын басқару кезінде үлкен сұранысқа ие болады деп ойлаймын», - деді әкім.

Мәслихат депутаттары бірауыздан дауыс берді.



Жоғары қарай