Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

2020 жылдың 10 маусым 2020 19:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматы-Қапшағай тас жолын басқан қара қою түтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жолға жақын орналасқан күл – қоқыс полигоны өртеніп жатыр.


Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигоны жанып жатыр.

«2020 жылғы 10 маусымда сағат 14:26-да Алматы облысының ТЖД кезекші пультіне Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт 3 га жерді шарпыған. Полигонның жалпы ауданы - 38 га. Соғып тұрған желде өрттің таралуына ықпал етуде. Қазіргі уақытта Алматы облысының ТЖД 16 өрт сөндірушісі мен 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «АДК Таза– Әлем» ЖШС 30 жұмысшы және 2 техникасы көмекке келді. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен су таситын 2 бірлік тартылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт өршитін болса, «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы тартылады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Видео, Оқиға,
Жоғары қарай