Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді

2020 жылдың 26 қазан 2020 16:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат бердік. Алайда, залдың 30 пайызы ғана толуы тиіс. Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек. Нысандарда тепловизорлар, санитайзерлер болғаны шарт. Әлеуметтік қашықтық шарттары сақталып, ҚР Бас санитар дәрігерінің №58 қаулысының талаптары орындалуы тиіс», - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының бас санитары неліктен кинотеатрлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс істеуге рұқсат берілгенін түсіндірген болатын.


Жоғары қарай