Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы кәсіпкерлері шығын орнын толтыру үшін қандай құжаттар ұсынуы керек

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 19:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кәсіпкерлері мүліктік залалдың орнын толтыру үшін қандай құжаттарды ұсынуы керек. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның мәліметінше, алдымен зардап шеккен бизнес өкілдері өтінішті электронды нысанға «InfoKazakhstan.kz» жіберуі тиіс. Бұл ретте мұны сенімхат негізінде әрекет ететін адамдарға жасауға мүмкіндік бар.

Өтініш беруші келесі құжаттар пакетін ұсынуы қажет:

- жеке кәсіпкер үшін – ЖК жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ЖК талоны;

- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты растайтын құжаттар, сәйкестендіру құжаттары;

- бүлінген мүлікті қалпына келтіруге арналған шығыстар сметасы;

- бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және (немесе) тауарлық-материалдық құндылықтар үшін – бағалау туралы есеп;

- жоғалған (ұрланған) тауарға мемлекеттік кіріс органдарынан, фискалдық деректер;

- мемлекеттік кіріс органдарынан, фискалдық деректер операторларынан өткен жылғы айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім;

- өзге де құжаттар (фото және бейнематериалдар).

Алматы әкімінің орынбасары кәсіпкер ұсынған құжаттар пакетін өңірлік комиссия және Қор комиссиясы бес күнтізбелік күн ішінде қарайтынын атап өтті.


Жоғары қарай