Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қаласында діни бірлестіктердің саны 10 есе өскен

2021 жылдың 19 қазан 2021 22:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Рухани келісім күні аясында ғылыми-практикалық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумның міндеті – діндер диалогы мен рухани даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, діни қауымдастықтар арасындағы өзара құрметті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Шараға қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстанның бүкіл өркениетті әлем мойындаған диалог пен ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде қалыптасуына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қосқан үлесі мен қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан -18 дін мен конфессияны ұстанатын 130-дан астам ұлт пен ұлысты біріктіретін әлемдегі жалғыз мемлекет.

«Қазақстан – бірқатар маңызды халықаралық бітімгерлік бастамалардың, әсіресе діндер мен өркениеттер диалогын ұйымдастыру саласындағы ұсыныстардың авторы. Елордамызда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу осы саладағы жеткен жетістігіміздің жарқын мысалы болды. Съездердің арқасында бүгінгі таңда әртүрлі діни қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашуға объективті алғышарттар жасалды, сондай-ақ біздің ел аумағында конфессияаралық диалог пен келісімнің жаңа моделі қалыптасты. Съезд жұмыс істеген сәттен бастап, тек Алматы қаласында діни бірлестіктердің саны 10 есе өсіп, діни сенім бостандығына оң серпін берді», - деді Ержан Бабақұмаров.

Форумға сарапшылар, теологтар, дінбасылар мен көшбасшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ басқа өңірлердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Евгений Бобров форум барысында Рухани келісім күнінің берер игілігін тілге тиек етті.

«Бүгінгі мереке – мейірімділік пен халық бірлігін ұлықтайтын күн. Рухани келісім – Қазақстанның игілігі болғандықтан, оны мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, оқу орындары мен дін қайраткерлерінің өзара іс-қимылы арқылы қолдап, сақтау қажет», - деді Евгений Бобров.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан да өз пікірімен бөлісіп, қала әкімдігі ұйымдастырған конференцияның маңыздылығын атап өтті.

Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Евангелиялық христиан-баптистер шіркеулерінің аға пресвитері Алексей Лубошников та барлығын Рухани келісім күнімен құттықтады.

«Міне, 30 жыл бойы бүкіл Қазақстан осы мерекені атап өтуде. Келісім – бейбітшілік пен бақ-берекенің негізі. Біз осындай көпұлтты және көпконфессиялы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз. Өзіңіз ойланыңызшы, тек Алматыда 17 конфессия бар, олардың барлығы өзара келісім мен достықта өмір сүруде»,- дейді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Дін,
Жоғары қарай