Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 10 маусым 2021 13:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Емберген Сәкенұлы Құдайбергенов Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Емберген Кұдайбергенов 1978 жылы 23 қазанда Алматы облысында туған.

1997 жылы ҚР Алматының жоғарғы мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын, 2016 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында бастады.

Әр жылдары қаржы полициясында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында, мемлекеттік меншікті басқару органдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2020 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде басшы болды.


Жоғары қарай