Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы ХҚО-лары азаматтарды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды

2021 жылдың 14 маусым 2021 09:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

«Ashyq қосымшасы бойынша қаладағы барлық ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қаланың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

«Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады», - деп қосты ол.

Осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Карантин, Алматы,
Жоғары қарай