Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматы хайуанаттар бағы уақытша жабылды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 23:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда хайуанаттар бағы уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі COVID-19 вирусына байланысты қалыптасқан жағдайға және елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сондай-қ оның алдын-алу шараларының күшейтілуіне орай хайуанаттар бағы 2020 жылдың 14 наурызынан бастап келушілер үшін уақытша жабық болатынын хабарлайды. Алматы хайуанаттар бағының ашылуы туралы косымша хабарланады», - делінген зообақтың Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейк, осы уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. Оның бірі Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген азаматтан анықталды. Үш адам Германиядан Алматыға әуе қатынасымен келген. Барлығы ауруханаға жатқызылды.




Басты сөздер: Коронавирус, Аймақ, Алматы,
Жоғары қарай