Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Алматы халық музыкалық аспаптар музейіне Шәкәрімнің домбырасы берілді

2019 жылдың 18 наурыз 2019 17:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне Шәкәрім Құдайбердіұлының домбырасы тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құнды жәдігерді музейге Шәкәрімнің ұрпағы табыстады.

«Медғат Құлжанов атасы Шәкәрімнің домбырасын жылдар бойы сақтап келген. Ол Шәкәрімнің тікелей ұрпағы болып келеді. Оған 15 жыл бұрын Семей университеттерінің бірінің ректоры тапсырған», - деді музейдің ғылыми қызметкері Қуаныш Күлеш.


Домбру Шакарима Кудайбердиулы передали в музей музыкальных инструментов в Алматы

Домбыра - қос ішек пен 13 пернеден тұрады, тұтас ағаштан ойып жасалған. Домбыраны кім әрі қашан жасағаны белгісіз.

Шәкәрімнің домбыраға әуестігін көрген Абай Біткенбай руынан атақты шеберлерді алғызады.

Сол шеберлердің бірі Құдайберді ауылында 1 жылдай тұрып ол жас Шәкәрімді «Саймақтың сары өзені», «Алшағырдың ашты күйі», «Асан күйі», «Ала байрақ», «Кертолғау» сияқты атақты күйлерді үйретеді.

Шәкәрім ылғи өз естеліктерінде домбыраны үйреткен Біткенбай ұстаз екендігін айтып отырады.

14-15 жасынан Шәкәрім өзі музыка жаза бастайды.


Домбру Шакарима Кудайбердиулы передали в музей музыкальных инструментов в Алматы

Қуаныш Күлештің айтуынша, Шәкәрімнің қолындағы күмбірлеген қара домбыра енді халық мұрасына айналмақ.

Ақынның ұрпақтары бұл домбыраны көзінің қарашығындай сақтап келген. Медгат Құлжановтың әкесі кезінде Шәкәрімнің шығармаларын орындауға құмартқан.

Бүгінде музейде 1000 аса ұлттық аспап сақталып тұр.

Абай, Біржан, Жамбыл, Ықылас, Сейтек, Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, Кенен Әзірбаев, Әбікен Хасенов тағы басқа ақын-жыраулардың, композиторлардың 60 жуық домбырасы бар.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай