Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы фонтанындағы жағдай: Кінәлілер қандай жазаға тартылуы мүмкін

2021 жылдың 21 маусым 2021 16:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полиция департаменті цирк алдындағы субұрқақта екі қыз бен әйелді ток ұрған оқиға қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша тергейтінін хабарлайды»,- делінген полиция таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұл бап бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып я онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай