Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы фонтанында тоқ соғу оқиғасы: Бір науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылдың 21 маусым 2021 15:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан үш адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенбі күні кешкі сағат 16:00 шамасында жедел жәрдем қызметіне субұрқақта бір ересек және екі баланың зардап шеккені туралы хабар түсті. 1993 жылы туған Алматы тұрғыны қазір Орталық клинкалық ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде. Барлық медициналық көмекті көрсетіп жатырмыз. Ол азаматта көптеген жарақат бар. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Қалған екі кішкентай қызға келетін болсақ, 10 жастағы қыз жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр. 8 жастағы екінші қыз жансақтау бөлімінде, ертеңге дейін бақылауда ұстаймыз. Жағдайы орташа ауыр», - деді басқарма өкілі.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді.

Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова, ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын жазды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.


Жоғары қарай