Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Алматы эпидемиологтары адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді

2020 жылдың 6 маусым 2020 12:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - COVID-19 таралу қаупіне байланысты Алматыда эпидемиологтар адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері вирустың таралу қаупі сейілмегенін айтты.

Қала тұрғындары карантин режимін қатаң сақтағаны жөн.

Алматы қалалық бас санитарлық дәрігерінің 2 маусымдағы қаулысына сәйкес қалада бұқаралық шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған.

«Бұқаралық шаралар адамдардың коронавирус жұқтыру қаупін күшейте түседі. Бүгін дезинфекциялық шаралардың екінші кезеңі басталды. Өздеріңіздің денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеңіздер»,- деп ескертті департаменттің баспасөз қызметі.

Карантин шараларын бұзу ҚР заңнамасы бойынша қудаланады.

Полиция қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында рейд жүргізеді.


Жоғары қарай