Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы билігі бірқатар жер телімдерін мемлекет қажеттілігі үшін қайтарып алады

2018 жылдың 25 қазан 2018 11:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мемлекеттік қажеттілік үшін бірқатар жер учаскесін мәжбүрлі түрде тартып алатын болды. Бұл туралы әкімдіктің қаулысы «Вечерний Алматы» газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, Жандосов көшесін ары қарай созу үшін Наурызбай ауданындағы Жандосов көшесінің Яссауидан Момышұлы көшесіне дейінгі аймақтағы жер учаскелері мен жылжымайын мүліктер мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлі түрде тартып алынады. Одан бөлек, жеңіл рельсті көлік жолын төсеу үшін Алмалы, Әуезов, Наурызбай аудандарындағы жерлер мен жылжымайтын мүліктер мәжбүрлі түрде алынады. Сонымен қатар, жол айрығын салу мақсатында Құлжа тас жолы мен Медеу ауданының Бұқтырма көшесі қиылысындағы, Түрксіб ауданындағы жерлер мен жылжымайтын мүліктер алынады», - деп жазылған жарияланған қаулыда.

Жерді мәжбүрлеп алу шаралары 2020 жылдың 31 желтоқсанында басталады.

Жоғары қарай