Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

2021 жылдың 25 қараша 2021 14:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім орынбасарының айтуынша, тарифті көтеру – міндет емес, қажеттілік.

«Тарифтерді көтеру қажет. Қазір жол ақысы 80 теңге. Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл өте өзекті мәселе. Бұл сұраққа көктемде қоғамдық талқылаулардан кейін қайта ораламыз деп ойлаймын», - деді Серік Құсайынов.

Алматыда бүгінде 2400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1715 дизельді автобус бар. «Алматыэлектротранс» биылғы және алдағы жылдары газбен жүретін 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Баға,
Жоғары қарай