Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы ауыр машина жасау зауыты карантин жағдайында қалай жұмыс істеп жатыр

2020 жылдың 3 шілде 2020 17:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы ауыр машина жасау зауыты күрделі экономикалық ахуал жағдайында өндіріс көлемін қысқартқан жоқ. Кәсіпорын карантин кезінде қалай жұмыс істеп жатқанын кәсіпорынның бас директоры Жетпісбай Едігенов ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Санитарлық эпидемиологиялық қызмет пен «Атамекен» ҰКП өкілдерінен құрылған комиссия жүргізген мониторингке сәйкес «Алматы ауыр машина жасау зауыты» барлық санитарлық нормалар сақталған ең үздік кәсіпорын қатарына жатқызылды. Біз санитарлық талаптардың барлығын түгел орындап отырмыз. Қатаң карантин, әрине, біздің жұмысқа ықпалын тигізді. Облыс жабық тұрғанда көптеген жұмысшыларымыз келе алмағаны рас. Бірақ, бізде негізінен адам жетіспеушілігі бұрыннан бар проблема. Сонда да біз барлық міндеттемелер мен өндіріс көлемін тоқтатпауға, қысқартпауға тырысып жатырмыз», - деді Жетпісбай Едігенов.

Қазір зауытта 426 адам жұмыс істеп жатыр.

Оның айтуынша, карантин шараларын күшейту – уақыт талабы.

«Бірінші кезек адамдардың денсаулығы жайлы ойлау керек. Карантинді одан да күшейткен дұрыс. Талаптарды орындамаған адамды айыппұлмен, болмаса басқаша жазалау керек деп санаймын», - деді кәсіпорынның бас директоры.


Жоғары қарай