Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында коронавирустың алдын алуға арналған оқу-жаттығу өтіп жатыр

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық Алматы әуежайында Қытай мен әлемнің басқа елдеріндегі эпидемиялық жағдайларға байланысты жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жаттығуларды Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұйымдастырды.

Сценарий бойынша, ұшақтың бортсерігі жолаушылардың бірінен коронавирус белгілерін байқайды.

Әрекет алгоритмі 10: 57-де басталады. Диспетчерге «Scat» әуекомпаниясынан жолаушы Ли Юн Цсюдың жөтеліп, дене қызуы көтеріліп және жағдайының нашарлағаны туралы ақпарат түседі.




«Жолаушымен әңгімелесу барысында бортсерік оның Ухань провинциясында тұратынын анықтайды. Ол Алматыға қонаққа ұшып келе жатқан. Науқас бортсерікке ұшар алдында басы ауырып, жөтеліп, қалтырағанын айтады. Науқастың коронавирустық инфекция шыққан елде тұратынын және аурудың клиникалық белгілерін салыстырған бортсерігі қауіпті инфекцияны жұқтырды деп күдіктенеді. Сценарийдің желісі осылай»,- дейді Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Исмағұлова.





Содан кейін, әуе кемесінде экипаждың көмегімен алғашқы санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылады. Ескерту схемасы мен әрекет алгоритміне сәйкес инфекциялық ауруларды анықтау бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Айта кету керек, жаттығу шарасына әуежай қызметтері, Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, көлік департаментінің мамандары, карантиндік жұқпалы инфекциялар ғылыми орталығы, әуежайдың медициналық қызметі, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жедел жәрдем бригадасы мен залалсыздандыру орталығының мамандары жұмылдырылды.













Жаттығу барысында Ұлттық ғылыми орталығының коронавирустық инфекция туралы қысқаша таныстырылымы болады.







Еске салайық, 23 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 29 провинцияда (аудан, қалалар) жаңа коронавирусты барлығы 830 адам жұқтырғаны расталып, өліммен аяқталған 25 оқиға тіркелді.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай