Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы әуежайында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 11:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әуежайы уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы халықаралық әуежайында қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген шығын есептелуде»,- деп хабарлады ведомствадан.

Бұған дейін, террористерге қарсы арнайы операция барысында Алматы әуежайы босатылғаны туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстер билеттерін айыппұлсыз қайтаруға болады.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстерге билеттерді айыппұлсыз толық кайтарым жасауға немесе айырбастауға болады. Әуе билеттерін интернетсіз Kaspi.kz қосымшасы арқылы және әуежайлардағы әуе компаниялардың кассаларынан сатып алуға болады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Ұшақ, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай