Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 18:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында тексеріс күшейтіледі. Жолаушылардың енді рейске ертерек келгені жөн, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қазаннан бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылады.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 1 қазаннан бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілуде. Кіре берісте терминалға қосымша тексеру желісі қойылады», - делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.


Жоғары қарай