Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысты

2021 жылдың 31 мамыр 2021 21:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті. Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні болған.

«Ангардың техникалық тұрағы маңында техникалық жұмыстардың жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйремек болған кезде А320 ұшағы шарклетімен Boeing 767 ұшағының стабилизаторын жанап өтті. Екі борт та Air Astana әуе компаниясына тиесілі. Қазір екі ұшақта да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тергеу амалдары да басталды, - делінген хабарламада.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай