Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімі Наурызбай ауданының сумен қамтамасыз ету жүйесін тексерді

2020 жылдың 1 қараша 2020 15:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тексеру жұмыстары барысында Наурызбай ауданының су желілері, жол және жарықтандыру нысандарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Өзінің Instagram парақшасында Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының инженерлік және автоторанспорттық инфрақұрылымын кең ауқымды дамыту, ерекше назарда тұрған мәселе екенін айтты.

«Наурызбай ауданы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші бүгінгі таңда небәрі 30% пайызды құрап отыр.Енді біз осы көрсеткішті 100% пайызға жеткізу мінетін алдыға қойып отырмыз. Мен сумен қамту және су бөлу желілерінің құрылыс барысымен таныстым. Тастыбұлақ шағынауданында осы бағыттағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз. Келесі жылы желілерді Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла шағынаудандарында саламыз. Қарғалыда су дайындау станциясын салуды жоспарлап отырмыз»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.


Данияр Дәуіталиев
Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Алматы, Әкім, Құрылыс,
Жоғары қарай