Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы әкімі лаңкестердің қолынан зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 13:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев лаңкестердің қолынан зардап шеккендерге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды. Онда лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккендер жатыр.

Қала әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты. Барлығына қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулығы мен өміріне қарамай, қала қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және қала біртіндеп қалыпты тіршілікке қайта оралуда.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев террористер шабуылдаған телеарна редакцияларын аралады

және қалада кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлермен де кездесті.


Жоғары қарай