Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімдігі жұқпалы аурулар ауруханасынан түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

2020 жылдың 30 қараша 2020 19:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматыдағы 280 төсек-орынға арналған модульді инфекциялық аурухананың басқа жаққа көшіріліп жатқаны туралы видео тарады. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Модульді инфекциялық аурухананы көшіру туралы ақпарат Instagram -да пайда болды. Онда емдеу мекемесінде жатқан науқастар басқа ауруханаға ауыстыралатыны туралы айтылған.

Өз кезегінде, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқанын және ғимаратта жалпы санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізу қажет екенін хабарлады.

«Алматыда 500 орынды РВ-90 жаңа инфекциялық аурухана дайын. Осыған орай стационарлық клиникада санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды, өйткені инфекция өте жұқпалы. Барлық жабдықтар модульдік инфекциялық ауруханада қалады. Жаңа филиалда барлық қажетті медициналық жабдықтар бар. Модульдік клиниканың пациенттері мен медицина қызметкерлері РВ-90 – дағы филиалға ауысады»,– деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанар Мадеева.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай