Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әкімдігі «Мейірім керуені» байқауына қолдау көрсетеді

2021 жылдың 1 қазан 2021 21:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол көптеген алматылықтардың игі істерден тыс қалмайтынын және мегаполистің дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

«Дәл осындай адамдар біздің қоғам үшін аса маңызды және қажет. Олардың бастамамен шықпайтыны және конкурсқа өз кандидатураларын ұсынбайтыны түсінікті, сондықтан біз өз тарапымыздан және «Мейірімділер клубымен» белсенді азаматтық ұстанымы бар лайықты үміткерлерді іріктеуге көмектесеміз», - деді Ренат Бекбергенов.

Жиынға қатысушылар «Мейірім керуені» конкурсының барлық номинанттары мәдениеттің дамуына ықпал ететінін, экологиялық мәселелерді шешетінін, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатынын, жануарларға көмектесетінін, батылдық танытатынын атап өтті.

III «Мейірім керуені» байқауының номинанты София Суюбаева жұбайымен бірге Түркістан облысы Тұрар Рысқұлов ауылында барлық аналарға арнап ескерткіш орнатқан.

Ескерткіш Тұңғыш Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан.

«Бұл тек аналарға арналған ескерткіш емес, моральдық құндылықтардың символы және туған өлкенің гүлденуіне қосқан үлес. Егер әркім өз мүмкіндіктеріне қарай жақсылық жасаса, жақсылықтың мүмкіндіктері шексіз болады», - деді С. Суюбаева.

Қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, байқауға меценаттар, кәсіпорындар ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер де қатыса алады.

Мысалы, дәрігерлердің, полицейлердің, құтқарушылардың кандидатуралары қабылданады.

Өткен жылы 700 өтінім берілді, биыл ұйымдастырушылардың алдына екі есе көп қайырымды жандарды табу міндеті қойылды.

«Мейірім керуені» IV байқауының номинанттарын марапаттау 2022 жылы Түркістан қаласында өтеді.


Жоғары қарай