Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматы әкімдігі мәйітхана маңындағы жағдайды түсіндірді

2020 жылдың 7 шілде 2020 19:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қала тұрғындарына мәйітхана жанында топталып жүрмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қалалық патологоанатомиялық бюро жанына топталып жиналған тұрғындарға қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы түсінік берді.

«Құрметті қала тұрғындары, ең алдымен, марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз! Дүрлігу кейде 2-ден 10 адамға дейін туыстардың топталып жүруіне байланысты туындайды. Шынымен, жақынын жоғалтып, ауыр күйде жүргендіктен, бюро қақпасында дүрбелең, абыржу, у-шу орын алуда», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК директоры Бақытжан Әлібеков.

Ол халықты қауіпсіздік шаралары мен карантин, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырды.

«Қала тұрғындарын коронавирус инфекциясының кезекте тұрған адамдар арасында жұғу қаупін болдырмау үшін, қашықтықты сақтап, маска тағу режимін сақтауға шақырамыз. Патологоанатомиялық бюро қызметкерлері туыстарына шығып, мәйітті беру тәртібі туралы хабардар етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді» – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК директоры Бақытжан Әлібеков.

»Қайтыс болғандардың денесі Қалалық патологоанатомиялық бюроға түскеннен кейін 12 сағат ішінде қайтарылады. Медициналық мекеме қайтыс болу себептерін анықтау және қайтыс болған адам жайлы сенімді деректер беру үшін мәйітті аталмыш ұйымға тапсырады. Бұл қосымша уақытты қажет етеді«, - деді бюро басшысы.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар 246-62-70 байланыс нөмірі арқылы ақпарат алуға болады.

«Қалалық патологоанатомиялық бюро» мәйіттерді беру жөнінде мобильді топ ұйымдастырды. Бұл топ қызметкерлері карантин режимін сақтау мақсатында көшеде (қақпаның жанында) қайтыс болған адамдардың мәліметтерін салыстырып, тіркеуді жүзеге асырып жатыр.

Айта кету керек, бүгін әлеуметтік желіде мәйітхана маңында топталған адамдардың видеосы таралды. Олар « 1 тәуліктен бері туысының денесін ала алмай жүрміз» деп шағымданды.


Жоғары қарай