Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алина Солодухина Токио Паралимпиадасында бесінші орын алды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 18:02

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық Алина Солодухина пара пауэрлифтингтен сайысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол әйелдер арасында 45 келі салмақта ел намысын қорғады. Сайыс барысында Алина үш мәрте жарыс жолына шықты. Нәтижесінде оның көрсеткіші 83 келіні шамалады. Осылайша тоғыз спортшының арасынан бесінші орынға табан тіреді.

Аталған салмақта нигериялық Латифат Тиджани 107 келі салмақты бағындырып, алтын медаль алды. Екінші орынды қытайлық Цуйге Чже (102 келі) бұйырса, қола жүлдені польшалық Юстина Коздрик (101 келі) еншіледі.

Бұған дейін қазақстандық Давид Дегтярев ерлер арасында 54 келі салмақта чемпион атанды.

Айта кетейік, Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекке дейін созылады. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.

Сондай-ақ, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін әдіспен 100 метрге суға жүзуден чемпион атанса, сол жолы Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлде алды.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Жапония, Спорт,
Жоғары қарай