Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионы болды

2021 жылдың 10 маусым 2021 07:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық гимнаст Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпай еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын - Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоваға бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай