Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алимент төлемей жүрген астаналық 1 жылға сотталды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алимент қарызы басынан асқан елорда тұрғынының бас бостандығы бір жылға шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.

«Жауапқа тартылған азамат қаржылыай мүмкіндігі болғанына қарамастан, 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың мамырына дейін алимент төлеуден жалтарған. Салдарынан 3 млн 498 061 теңге берешек жиналып қалған. Ол өз әрекетінің ұрыс еместігін түсініп, алимент төлеуге дайын екенін мәліме етті», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Дегенмен, сот кезінде оның алимент төлеуге жағдайы бола тұрып, жалтарғанын дәлелдедейтін айғақтар белгілі болған. Тіпті 2018 жылы несиеге авткөлік сатып алып, 2 жыл бойы үзбей төлеп келген. Осының бәрін ескерген судья оның бас бостандығынан бір жылға шектеді.

«Алимент төлеуден жалтарған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектелді. Сот оған мынадай міндеттерді орындауды жүктеді: тұрақты тұратын жерін, жұмысын уәкілетті органға хабарламай өзгертпеу; жұмыстан бос уақытта, кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тұрғылықты жерінен кетпеу; уәкілетті органға хабарламай басқа жерлерге шықпау. Сондай-ақ, ол бір жыл ішінде 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды», - деді Мәдина Жанасаева.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Сот, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай