Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алимент төлемеген алматылықтың пәтері тәркіленді

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 21:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2,3 млн теңге алимент төлемеген адамның пәтері тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Борышкердің Абай көшесіндегі пәтеріне тыйым салынған болатын. Ол баласына бірнеше жылдан бері 2,3 млн теңге көлемінде алимент төлемеген.

«Әңгіме барысында жылжымайтын мүлік иесіне қарызды жабу үшін пәтері сатылатыны айтылды»,- деді қалалық Әділет департаментінен.

Сату-сатып алу келісімшарты бойынша пәтер 20 млн 484 мың теңгеге сатылды.

«Төлем тапсырысы бойынша арызданушыға 2 323 066 теңге берілді», - деді департаменттен. Қалған қаражат борышкерге қайтарылған.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы,
Жоғары қарай