Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Алик Шпекбаев: Көптеген дамыған елдер реформаны полициядан бастаған

2019 жылдың 12 наурыз 2019 18:27

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген дамыған елдер реформаны полициядан бастаған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың басшылығымен, сондай-ақ қоғам өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Басқосуда ІІМ-гін реформалаудың Жол картасы негізінде әзірленген құқық қорғау органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары жобасы талқыланды.

«Көптеген дамып кеткен мемлекеттер реформаны құқық қорғау органдарынан, полициядан бастаған. Ең біріншіден, жемқорлықты азайту мәселесін еңсеруде қоғамның белсенді азаматтары кіріссе, бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Елбасының саяси жігерінің арқасында біршама игі істердің атқарылғанын айта кету керек. Қоғам белсенділерінің, мониторингтік топтардың жұмысының арқасында жұмысымызда нақты нәтиже бар. Соңғы екі жылда Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың деңгейі 23 пайызға төмендеді», - деді Алик Шпекбаев.

Алиек Шпекбаев өз сөзінде Ішкі істер министрлігін реформалаудың Жол картасы негізінде әзірленген құқық қорғау органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы сөз қозғап, бұл ретте қоғам белсенділерінен нақты әрі ұтымды ұсыныстар түсетініне сенім білдірді.

Жоғары қарай