Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін реттеуді 3 министрлікке жүктеді

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Утилизациялық алым мәселесін реттеу үшін Экология, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері Үкіметке бірлескен ұсыныс әзірлеп, енгізетін болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

«Нақты сектор бойынша мынандай міндеттер тұр. Бірінші, утилизациялық алым мәселесі бойынша Экология министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, нақты іске асыру механизмдері мен тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басышсы.

Ал мұнай өнімдерінің нарығындағы жағдайды реттеуге Бас прокуратура атсалыспақ.

«Екінші энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнай өнімдері нарығын реттеу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын.

Үшінші бюджетке қосымша кіріс көзінің бірі – бензин өндірушілер мен делдалдарға арналған акциздер болуы тиіс. Энергетика министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірге бір аптаның ішінде тиісті есептер жасап, ортақ ұсыныстар енгізуді тапсырамын», -деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай