Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлихан Смайылов: Тауарларды бақылау ұлттық жүйесі енгізіледі

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тауарларды бақылау ұлттық жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет еліміздің шекарасы арқылы заңсыз сауда-саттықа қарсы іс-қимыл кешенді жоспарын бекітті. Тауарларды бақылау ұлттық жүйесі енгізіледі. Салықтық және кедендік әкімшілеуді цифрландыру тереңдетіледі. Жалған транзит ағынын мониторингілеу және қысқарту үшін навигациялық пломбаны енгізу кеңейтіледі»,- деді ол.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, тауарларға арналған декаларцияларды шығару және бақылау бөлігінге кедендік қызмет орталықтандырылған. Мәліметтерді сараптау үшін жасанды интеллекті технологиясы да енгізіліп жатыр. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қашықтан өзара іс-қимылға негізделген ірі бизнесті көлбеу мониторингілеу жобасы қолға алынған.

«Шетелге капиталды жылыстатуға қарсы іс-қимыл және экономиканы деоффшорландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілу үстінде. Мәліметтерді электронды түрде алмасу үшін ЭЫДҰ-мен көпжақты конвенцияға қол қойылды. Толықтай алғанда ұсынылған іс-шаралар мемлекеттік бюджет кірісін арттыруға бағытталған», - деді Әлихан Смайылов.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Экономика,
Жоғары қарай