Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 21:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Арипов Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

«Қазақстан Үкіметі бауырлас Өзбекстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға барынша дайынбыз. Ынтымақтастықтың екіжақты күн тәртібінің аясында белгіленген жоспарлар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында іске асырылатынына сенімдімін», - деді Ә. Смайылов.
Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы ҚР мен ӨР-ға тиесілі. 2021 жылдың 10 айында екіжақты сауда көлемі $3,26 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 30%-ға жоғары. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына кіре алады.

Жоғары қарай