Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әлихан Смайылов инвестициялық саясат мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстанда инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Шараға ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс тобының және мемлекеттік органдардың: Бас прокуратура, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі және Жоғарғы сот өкілдері қатысты.

Кездесу қатысушылары салықтық құқықбұзушылықтарды қылмыссыздандыруға бағытталған шараларды талқылады.

«Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде еліміздің инвестициялық ахуалы жақсарып, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнеске қысымы төмендетілуі керек», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Шараға сонымен қатар жұмыс тобының шетелдік тарабынан «EY», «Shell», «TOTAL» өкілдері қатысты.


Жоғары қарай