Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан қосымша алынатын қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты

2022 жылдың 5 сәуір 2022 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордан қайта-қайта ақша ала беру қаншалықты орынды? Жинақталған қаражаттің түбі көрініп қалмай ма?», - деп сұрады БАҚ өкілдері Ұлттық экономика министрінен.

«Біріншіден, бұл шаралардан тірнектеп жинаған қаражаттың түбі көрініп қалмайды. Ұлттық қордың активтері бойынша бұрынғы деңгейде қаламыз. Оның үстіне біз Ұлттық қордың жалпы өнімге қатысты төменгі шегін көтереміз. Бұл шама жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан кем болмауы керек. Біз Ұлттық қордан ақшаны Мемлекет басшысының қаңтардың басынан бері жүктеген тапсырмаларын іске асыруға аламыз. Сондай-ақ, түрлі бағдарламалық құжаттарға бөлеміз», - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ, ол Ұлттық қордың міндеті келешекке қор жинаумен шектелмейді деген уәж айтты.

«Ұлттық қордың бірнеше функциясы бар. Жинақтау, инвестициялау және дағдарысқа қарсы функциялары бар. Яғни, бұл – қалыпты процесс, контрциклдік бюджет саясаты», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай