Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алғыс айту күні: Гаага қаласында жергілікті халыққа Абай кітаптары таратылды

2021 жылдың 21 ақпан 2021 14:00

ГААГА. ҚазАқпарат - Бүгін Гаага қаласында Qazaq House Foundation Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Алғыс айту күніне арналған «Stay warm, drink kazakh tea» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында елшіліктің Facebook парақшасы мәлімет таратты.

Осы шара аясында қала тұрғындарына ұлттық дәстүрдегі ыстық шай мен тоқаштар түріндегі тәттілер ұсынылды.

Келушілерге Қазақстандағы Алғыс айту күнінің тарихы мен мерекесі туралы айтылды және оларға ұлы Абайдың нидерланд тіліне аударылған «Қара сөздер» кітабы сыйға тартылды.

Алғыс айту күні Қазақстанда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 наурызда атап өтіледі.





Бұл күні достық атмосферасын құрып, халықтар бірлігін нығайта отырып, этностардың бір-біріне деген мейірімі, төзімділігі мен құрметі еске алынады

Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері достық пен келісімде өмір сүреді.

«Пандемия кезінде күн сәулесіндей болған жағымды эмоцияларға, энергияға және күлімсіреуге толы күнді бізбен бөліскендердің барлығына зор алғысымызды білдіреміз» дейді елшіліктен.























Жоғары қарай